Мы все объединены любовью к путешествиям!

Товарищество с ограниченной 

ответственностью

«Otpan Logistic»

Қол жүгін тасымалдау тәртібі мен шарттары.

Жолаушылар пойызға отырғанда жол серік қол жүгінің мөлшерін тексереді. Көлемі үш өлшемде 200 сантиметрден (100х50х50) және  35 килограмнан аспайтын бір толық немесе балалар құжаты (билеті) бар  жолаушыға қол жүгін тегін тасымалдауға рұқсат етіледі.

    Жолаушыларға қол жүгінен басқа,   нәресте немесе мүгедек болған жағдайда, жиналатын арба және (немесе) мүгедектер арбалары, өлшемі үш сантиметрден аспайтын ұсақ заттарды ақысыз тасымалдауға рұқсат етіледі.

            Мүгедектер мен мүмкіндігі шектеулі жолаушылар өздерімен бірге қосымша, техникалық көмекші құралдар мен жеке пайдалануға және жүріп- тұруға арналған        

арнайы құралдарды алып жүре алады.   

  Қол жүгін жолаушыларға арналған орындарда, сондай-ақ орындықтар арасындағы жүру жолдарына, пойыздардың дәліздері мен тамбурларында орналастыруға жол берілмейді.

            Тасымалдаушының кінәсінен болған жағдайларды қоспағанда жолаушы қол жүгінің жоғалуы, зақымдануы және қауіпсіздігінің сақталуына жауапты.

            Егер электронды, тұрмыстық, бейне және аудио жабдықтардың мөлшері үш өлшемнен, яғни   200 сантиметрден және 35 килограмнан аспайтын болса, онда көрсетілген жабдық жүкті алып жүру ақысы есебінен жүзеге асырылады.